Ұлттық орталық қызметкерлерінің құпиялылық, бейтараптылық және
мүдделер қақтығысын болдырмау туралы саясаты
18.02.2017
Сараптау ұлттық орталық қызметкерлерінің құпиялылық, бейтараптылық
және мүдделер қақтығысын болдырмау туралы саясатының мақсаты
сенімділікті арттыру, жоғары деңгейдегі жұмыс сапасын қамтамасыз етуге
және ашықтық, шынайлық және болжау қағидаттарында корпоративтік
басқарудың жоғары стандарттарын сақтауға бағытталған.
Саясат мүдделер қақтығысын және олардың туындау жағдайларын
болдырмау жөніндегі шараларды іске асырудың негізгі тәсілдерін
айқындайды, сондай-аө мүдделер қақтығысын анықтау тәртібін, олардың
туындау аясы мен жағдайларын және және оларды анықтау және болдырмау
жөніндегі қабылданып жатқан шаралардың толықтығы мен тиімділігін
бақылауды жүзеге асыру.
Ұлттық орталық басшылығы ішкі ұйымдастыру құрылымын құруды
қамтамасыз етеді, ол Ұлттық орталық (соның ішінде оның қызметкерлері)
пен тапсырыс берушілердің арасындағы мүдделер қақтығысының
мүмкіндігін барынша төмендетеді.